Гамбург әуежайының жұмысы тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гамбург әуежайының жұмысы тоқтатылды

04.06.2018

Германияның Гамбург қаласының әуежайында электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды. Соның салдарынан әуе айлақтың қызметкерлері жолаушылардың тіркелуін тоқтатып, жүздеген рейс сапарға шыққан жоқ. Ал, әуежайға барар жолдарды полиция бөгеп тастаған.

«Электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысын қалпына келтіру әзірге мүмкін болмай отыр. Ол үшін резервті тоқ көзі қажет», - дейді мамандар.

Айта кетсек, Гамбург әуежайы ауқымы бойынша Германияда бесінші орынға ие. Жыл сайын мұнда 17 миллион адамға қызмет көрсетіледі.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу