Елде 13 майнинг фермасы электр энергиясынан ажыратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде 13 майнинг фермасы электр энергиясынан ажыратылды

21.02.2022

Елде 5 күнде 13 майнинг фермасы электр энергиясынан ажыратылды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, олар 202 МВт электр қуатын тұтынып келген. Бұл майнинг фермалары қазір жұмысын тоқтатты. Аса көп қуатты Қарағанды мен Павлодар облысында орналасқан фермалар пайдаланған. Сонымен бірге Түркістан, Ақмола, Қостанай облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласындағы фермалар да заңсыз электр қуатын тұтынып келген. Бұл іске қатысты жедел тергеу жүргізіліп жатыр. Ал тағы екі өңірде криптомайнингпен айналысатындар қызметін қалауымен тоқтатты. 

Хабарламаларға жазылу