Елордадағы «Сарыарқа» сауда орталығының автотұрағынан майнингтік құрылғылар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы «Сарыарқа» сауда орталығының автотұрағынан майнингтік құрылғылар табылды

11.04.2022

Полиция департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше криптовалюта өндіретін төрт құрылғы желдету құбырының жоғарғы жағында қосулы күйінде тұрған. Заңсыз аппаратты сауда орталығының инженері кабельдерді тексеру кезінде тауып, басшылыққа хабарлаған. Әзірге қондырғылардың кімге тиесілі екені белгісіз. Енді тергеуге дейінгі тексеру жұмыстарымен экономикалық тергеу департаменті айналыспақ. Айта кетейік, жыл басынан бері елде 51 майнинг фермасы анықталып, заңсыз қызметтеріне тосқауыл қойылды.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу