Қазақстанда майнинг салығы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда майнинг салығы өседі

08.02.2022

Майнерлердің мемлекетке төлейтін салығы мардымсыз. Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев елде майнинг салығын өсіруді тапсырды. Сонымен бірге осы саладағы ферманың бәрін анықтап, салық пен кеден мәселесін реттеуді жүктеді. Енді жауаптылар олардың техникалық шарттары мен лизенциясын тексеріп, 15 наурызға дейін есеп беруі керек. Президенттің айтуынша, мемлекет заңды жұмыс істейтін майнерлерге қарсы емес. Алайда оларды кірісін жасырмай, салықтан жалтармауға шақырды. Елде биылдан бастап криптовалюта өндірумен айналысатындар мемлекетке салық төлеуге міндеттелген. Олар электр қуатының әр киловатына 1 теңге төлеуі қажет.


Хабарламаларға жазылу