Еліміздегі ірі кинотеатрлар желісі жұмысын жалғастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі ірі кинотеатрлар желісі жұмысын жалғастырады

24.03.2022

Еліміздегі ірі кинотеатрлар желісі жұмысын жалғастырады. Кинопарк компаниясының басшысы Алмаз Малдыбаевтың сөзінше, алдағы 2-3 айда үлкен экраннан көрсетілетін кинотуындылар бар. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінде кинопрокат пен киножелілердің басшыларымен кездесуінен кейін белгілі болды. Естеріңізге салайық, осыған дейін Ресей арқылы келетін Голливудтық фильмдерге салынған санкциялар салдарынан 1 сәуірден бастап еліміздегі кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылуы мүмкін екені айтылған. 

Алла Гаврина

Хабарламаларға жазылу