Қызылордада кинотеатрлар жұмысын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада кинотеатрлар жұмысын тоқтатты

13.03.2020
0:00:00
0:00:00

Қызылорданың ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлар бүгіннен бастап өз жұмысын тоқтатты. Коронавирустың алдын алу үшін кәсіпкерлік нысандар осындай қадамға барып отыр. Негізі Президент тапсырмасымен кинотеатрлар 16 наурыздан бастап жабылуы тиіс болатын. Бірақ қауіпті індеттің дендеуіне жол бермеу үшін жергілікті ойын-сауық орталықтары табыстан гөрі, қауіпсіздікті басты міндет санайды. Адам көп шоғырланатын орында бүгінде әр сағат сайын санитарлық - дизинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, тазалыққа айрықша басымдық берілуде.

Әділбек СЕРІК


Хабарламаларға жазылу