Алматының санитарлық дәрігерлері: Жабық ғимаратта маска тағу режимі міндетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының санитарлық дәрігерлері: Жабық ғимаратта маска тағу режимі міндетті

18.03.2022

Алматының санитарлық дәрігерлері қаладағы жабық ғимарттарда маска режимі міндетті екенін айтты. Бұдан өзге шектеулер 14 наурыздан бастап алынды. 

Қуан Нұрақын, тілші:

Қазір Алматы эпидахуал көрсеткіші бойынша «жасыл» аймақта. Соңғы тәулікте 15 адамнан COVID-19 анықталған. 14 наурыздан бастап шектеулер алынғанымен, жабық ғимарат ішінде маска тағу режимі міндетті. Оны нысан әкімшілігі мен қызметкерлері бақылауы тиіс. «Ashyq» мобильдік қосымшасы арқылы жұмыс істейтін нысандардағы барлық шектеу алынды. Бұл туралы қаланың Бас мемелекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Әсел Халықова брифингте айтты.

Әсел Халықова, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Алда Наурыз мейрамы келе жатыр. Шаралар өткізуге еш шектеу жоқ. Десе де санитарлық талаптарды сақтағанымыз жөн. Жабық ғимараттарда маска тағу режимі сол қалпында қалғанымен, далада бетпердесіз жүруге болады.

Қуан Нұрақын, тілші:

Бұған дейін екпе салдырмағандардың жұмысқа келуіне тыйым салынса, қазір ол талап та алынды. Ауруханаларда коронавирус жұқтырған 96 адам емделіп жатыр. Оның 8-і бала. Ал жансақтау бөлімдерінде 11 науқас бар.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу