Алматыда карантин жеңілдетілді: 3-4 сынып оқушылары мектепте оқи алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда карантин жеңілдетілді: 3-4 сынып оқушылары мектепте оқи алады

14.09.2020

Алматыда карантин жеңілдетілді. Енді 3 және 4 сынып оқушылары мектепте оқи алады. Ата-аналардың өтініші ескеріліп, қаланың бас санитар дәрігерінің арнайы қаулысы шықты. Ертеңнен бастап 3-4 сыныптардың кезекшілік топтары жұмыс істей бастайды. Балалар саны 15-тен аспауы және санитарлық нормаларды қатаң сақталуы тиіс. 

Сонымен қатар, мәдениет нысандары және ғимарат ішінің толуы 50 пайыздан аспайтын кітапханалар мен музейлер де қонақтарын қабылдайды. Бұл ретте маска тағу режимі және әлеуметтік қашықтық сақталып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң жүргізіледі.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу