Бүгін Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматы қаласына жұмыс сапары барысында № 7 емхананың жұмыс барысын көрді. Аталмыш емдеу орталығында барлығы 9 жоғары оқу орны мен 10 кәсіптік оқу орны медициналық көмекке алынған. Сонымен қатар, қала бойынша студенттерге қызмет көрсетеді. Сондай-ақ Ералы Тоғжанов мегаполистегі «Sadu» орталығын аралады. Спорт кешенінде жаттығып қана қоймай, күрес және басқа да спорт түрлерінен халықаралық жарыстар өткізуге болады. Спорттық аренаның негізгі қызметі жекпе-жек өнерінің түрлері бойынша оқу-жаттығулар мен халықаралық жарыстарды өткізу. Ал заманауи қонақ үй спортшылардың барлық қажеттіліктерін ескере отырып жасалған. Ералы Тоғжанов Алматыға сапары барысында Қаңтар оқиғасы кезінде тоналып, өртелген «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Алматы филиалында болды.
Жазира Оразқызы