Премьер-Министр: Отандық өнім көлемін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті барынша азайту керек
Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті барынша азайту керек. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деді. Жиында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары қаралды. Қазақстанда ғана емес, әлемді де қымбатшылық қысып барады. Азық-түлікке сұраныс жоғары, құны аспандап тұр. Сондықтан отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге басымдық берілуі тиіс. Қайта өңдеу арқылы ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету басты назарда болуы керек. Осы ретте Ауыл шаруашылығы министрі екі жылға арналған жоспарын таныстырды. Бірнеше бөлімнен тұратын жоба аясында 30 шақты міндетті жүзеге асыру қарастырылған.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Еліміз азық-түлікпен толық көлемде қамтамасыз етілген. Қазір ешқандай алаңдаудың қажеті жоқ.. Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұлғайту керек. Импортқа тәуелділікті барынша қысқарту керек. Сондай-ақ бағаларды әкімшілік реттеуден халықтың әлеуметтік осал топтарын адрестік қолдауға көшу үшін ұсыныстар дайындау қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауа райына байланысты автожолдар жабылды
12.02.2026, 20:23
Алматыда қалың қар жауып, қозғалыс қиындады
12.02.2026, 20:22
Жамбыл облысында қалың қарда кептелген көлік саны 2 мыңға жуықтады
12.02.2026, 20:17
Халық пікірі: Жаңа Конституция - ел дамуының жаңа бағыты
12.02.2026, 20:13
Адвокатура мәртебесі – әділетті қоғам құрудың конституциялық негізі
12.02.2026, 20:12
Жаңа Конституцияның жобасы референдумға шығарылды
12.02.2026, 20:09
Еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері жалпыұлттық коалицияға бірікті
12.02.2026, 20:06
Қыстың күні жолда қалғанда не істеу керек?
12.02.2026, 20:05