Елімізде 70 мың отбасылық шаруа қожалығы құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 70 мың отбасылық шаруа қожалығы құрылады

08.02.2021

Азық-түлік бағасын тұрақтандырып, импортқа тәуелділікті азайту үшін агроөнеркәсіпті дамыту керек. Осы бағдарлама аясында елімізде 2026 жылға дейін 70 мың отбасылық шаруа қожалықтары құрылмақ. Мал бағып, сүт өнімдерін шығаратын немесе егін егетін шағын қожалықтар миллионнан астам ауылдықты жұмыспен қамтиды деген жоспар бар. Бұл туралы 2026 жылға дейін агроөнеркәсіпті дамытуға арналған Ұлттық жоспарда жазылған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша отбасылық қожалықтарды дамыту үшін субсидиядан бастап қолдаудың түр-түрі көрсетіледі деп отыр. Оның үстіне Президент тапсырмасы бойынша жайылымдық жерлер де халыққа қайтарылғалы жатыр.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу