Ішкі жалпы өнім көлемі жыл сайын 4 пайыздан кем болмауы тиіс

09.02.2014
Ішкі жалпы өнім көлемі жыл сайын 4 пайыздан кем болмауы тиіс
Президент биылғы Жолдауда Үкіметке экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бірқатар қағидаттары мен стандарттарын енгізуді міндеттеді. Ол үшін елімізде ішкі жалпы өнім көлемі жыл сайын 4 пайыздан кем болмауы тиіс.
 
Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан ІЖӨ көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайтып, ғылымға негізделген экономиканы дамытуды міндеттеді. Қазақстанның экспорттық әлеуетіндегі шикізаттық емес өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыруды тапсырды.
 
Ол үшін ғылымға жұмсалатын қаржы көлемі ІЖӨ 3 пайызынан кем түспеуі шарт. Ал ішкі жалпы өнімді өндіретін саланың энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту көзделген.
 
Сонымен қатар, 2050 жылға қарай шағын және орта бизнестің үлесін кемінде ІЖӨ 50 пайызына дейін жеткізу мақсаты тұр. Егер бұл талап-тілектер іске асса, онда еліміздегі еңбек өнімділігі 5 есе артады.

Хабарламаларға жазылу