Вашингтон Украинаға 13,6 млрд доллар көмек береді
Мариуополь қаласы бомбаланып жатса, Луцк, Ивано-Франковскке оқ жаудырылуда. Луцкте украиналық екі жауынгер қаза тауып, алты адам жараланды. Таңертең Винница қаласына да снаряд жаудырылды. Сонымен қатар, елдің батысындағы аэродромдар да Ресей әуе күштерінің шабуылына ұшырады. Ал, Харковьта 400-дей үй қираған. Әрі қоршауда қалған қалалардан бейбіт халықты аман-есен көшіру - аса өзекті мәселеге айналып отыр.
Владимир Зеленский, Украина Президенті:
Украиналықтар! Бүгінгі таңда біз үшін басты міндеттердің бірі - гуманитарлық дәліздер ұйымдастыру. Сумы, Тростянец, Краснопилия, Ирпин, Буча, Хостомель, Изюм. Олардан осы күнге дейін 40 мыңға жуық адам эвакуацияланды.
Әскери қақтығыстарға шетелдік еріктілер тартылып жатыр
Президент Владимир Путин болса, Ресейдің Украинадағы әскеріне көмекке бүкіл әлемнен «ерікті» тартуға рұқсат берді. Ал, Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың сөзінше, қазірдің өзінде 16 мыңдай адам өтініш берген. Олардың көпшілігі - Таяу Шығыс елдерінен.
Осыған дейін Зеленский де Украина үшін шетелдік еріктілерден «халықаралық легион» құрылғанын жариялап, оған қосылуға 16 мыңдай адамның ниетті екенін хабарлады.
Вашингтон Украинаға 13,6 млрд доллар көмек береді
АҚШ президенті Джо Байден болса, Киевке әскери және гуманитарлық көмек ретінде тағы миллиардтаған доллар бөлгенін мәлімдеп отыр.
Джо Байден, АҚШ Президенті:
Кеше түнде Өкілдер палатасы Украинаға 13 миллиард доллардан астам көмек көрсетуді қамтитын заң жобасын қабылдады.
БҰҰ: көрші елдерге қашқан украиналық босқындар саны 2,5 миллионға жетті
Украинада гуманитарлық жағдай да ушығып барады. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, ақпанның 24-нен бері елден көрші мемлекеттерге 2,5 миллион адам бас сауғалап барған. Олардың көпшілігі Польша жеріне өткен.
Арыстанбек Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35