«Goldman Sachs», «JP morgan», «Western Union» Ресейдегі бизнесін тоқтататынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Goldman Sachs», «JP morgan», «Western Union» Ресейдегі бизнесін тоқтататынын мәлімдеді

11.03.2022

Шетелдік тағы бірнеше компания Ресейдегі қызметін тоқтатты. АҚШ-тың ең ірі банкі JP Morgan бұл елден кететінін және жаңа бизнеспен айналыспайтынын мәлімдеді. Бейсенбіде Goldman Sachs инвестициялық банкі де Ресейдегі кәсібін доғаратынын жариялады. Сонымен бірге 200-ден астам елге халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыратын «Western Union» компаниясы Ресей мен Беларусьте қызмет көрсетуді тоқтатты. Айта кетсек, Ресей нарығынан кеткен компаниялардың саны 230-дан асты. Бейсенбіде олардың қатарына «Марс», «Уолт Дисней» және «Юниверсал мюзик» компаниялары қосылды. Экономикалық сарапшылардың болжамынша, санкциялардың ықпалынан Ресей экономикасы 15 пайызға қысқаруы мүмкін.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу