Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президентімен кездесті

18.01.2018

Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен де кездесті. Басқосуда аталған компания мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының арасындағы әріптестік жайы талқыланды. Мемлекет басшысы ағылшын құқығы негізінде құрылған орталықты іске қосу барысында атқарылған жұмыстардың нәтижесі жайында әңгіме қозғады. Сондай-ақ, халықаралық қаржы орталығын әлемге танымал «NASDAQ» және Шанхай қор биржасымен серіктес болғандарын тілге тиек етті. 

Хабарламаларға жазылу