Әлемнің ең ірі банкілері қылмыскерлерге 2 трлн доллар аударған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің ең ірі банкілері қылмыскерлерге 2 трлн доллар аударған

21.09.2020

Әлемнің бірнеше ірі банкі қылмыскерлерге 2 триллиондай долларды заңсыз аударуға мүмкіндік берген. Мұндай құпия құжаттарды «Буззфид ньюс» басылымының журналистері жариялады. Олардың дерегіне жүгінсек, алаяқтардың ақша жіберуіне жол ашқандардың ішінде HSBC, JP Morgan, «Дойче банк» (Deutsche Bank) бар. 

Алаяқтық әрекеттер туралы файлдар АҚШ-тың қаржы министрлігіне қарасты қаржылық қылмыспен күрес жөніндегі «ФинСен» бөлімшесіне тиесілі. Бұл мекеме ақша транзакциялары жөнінде мәлімет жинаумен айналысады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу