Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады

09.03.2022

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады. Президентке Жоғары сот кеңесінің былтыр атқарған жұмысының қорытындысы мен биылғы жоспар туралы мәлімет берілді. Кеңестің қызметі заманауи HR тәсілдерін кеңінен қолдануға басымдық бермек. Судьяларды іріктеу кезінде олардың кәсіби және жеке қасиеттеріне баға беріліп, қоғамдық пікір жан-жақты зерттеледі. Бұл ретте, былтыр алғаш рет сот жүйесінің қатарын толықтырған судьялардың саны, жұмыстан кеткендерден басым болғаны байқалды. Осылайша, сот корпусына бірінші рет 103 адам тағайындалып, 90 судьяның өкілеттігі тоқтатылды. Судьяларды іріктеу мәселелері бойынша биыл салалық мамандар үшін облыстық соттардағы судья лауазымына арнайы конкурс өткізу жоспарланып отыр. Кеңес жұмысының ашықтығын одан әрі арттыру үшін заңгерлер қоғамдастығы өкілдерінің қатысуы кеңейтіледі.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу