Түркі әлемінің 20-ға жуық мемлекетінен, Түркия, Өзбекстан, Башқұртстан, Татарстан, Қырғыз Республикасы, Түркменстан, Қалмықия, Якутия және т.б. келген өнерпаздар Астана көрермендеріне ерекше көңіл-күй сыйлады. Осынау фестиваль шілде айының 4-і мен 6-шы жұлдызы аралығында Астана күніне орай ұйымдастырылып отыр. Қортынды концерт 6-шы шілде күні «ҚазМедиа» орталығында өтеді.