«Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалін көріңіз

05.07.2015
«Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалін көріңіз

«Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалі түркі халықтарының мәдениетінде елеулі орны бар музыкалық шара. Фестивальге түркі халықтарының дәстүрлі музыка өкілдерінен құралған  400-ге тарта музыкант-ғалымдар қатысқан. 

Соның ішінде, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, сондай-ақ, Алтай, Башқұртстан, Гагаузия, Хакасия, Саха, Татарстан, Тыва, т.б. түркі ұлттық автономияларының әншілері мен ғалымдары, аспаптық орындаушылары болды.

«Астана-Арқау» фестивалінің бағдарламасы әу бастан-ақ, қазіргі түркілер этномузыкасындағы әралуандылықпен қатар, өзара жақындастыра түсер ортақ сипаттарды айқындауға құрылған.

Фестивальді бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:10-та тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу