Мемлекет басшысы Қарулы күштердің басшылығымен кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қарулы күштердің басшылығымен кеңес өткізді

02.03.2022

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел армиясын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Президент Қорғаныс министріне әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. Әрі әскери басқару жүйесін заманауи цифрлық тәсілдер арқылы жетілдіру, әскерді жоғары технологиялы қару түрлерімен және техникамен қайта жабдықтау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарауы керек. Сонымен қатар Мемлекет басшысы әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, әскери білім беру, кадрлық саясат жүйесін дамыту мәселелеріне баса мән берді. Әрі жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру да маңызды міндет.

Хабарламаларға жазылу