Алматыда цирк әртістері бүлдіршіндерге шеберлік сағатын өткізіп, өнердің қыр-сырымен бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда цирк әртістері бүлдіршіндерге шеберлік сағатын өткізіп, өнердің қыр-сырымен бөлісті

01.03.2022

Алматыда Алғыс айту күніне орай балаларға базарлық жасалды. Қазақ мемлекеттік циркінің кәсіби әртістері бүлдіршіндерге шеберлік сағатын өткізіп, өнердің қыр-сырымен бөлісті. Қайырымдылық шараға аз қамтылған отбасы мен көпбалалы шаңырақтың балғындары және мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер қатысты. Балалар цирк жанрлары бойынша шеберлердің өнерін тамашалады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, цирк әртістерінің арасында оқушыларда бар.

Мақсат Жайықов, Қазақ Мемлекеттік цирк директорының міндетін атқарушы:

Әлеуметтік төмен отбасылардан шыққан балаларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне назар соларға. Мемлекеттік мерекелер болсын қайырымдылық шара сонымен басталады. 1 наурыз – Алғыс айту күні. Соған орай осындай шара ұйымдастырылып жатыр.

Алғыс айту – бірлікті арттыру

Сондай-ақ мегаполисте Алғыс айту күніне орай Қазақстан халқы ассамблеясының жанынан құрылған Аналар кеңесінің отырысы өтті. Шараға этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Сөз алғандар Қазақстан топырағына қалай келгендерін айтып, көргендерімен бөлісті. Жер аударылған кездегі қиындықтарын еске алды. Сондықтан бұл мейрам елдің ауызбіршілігін арттыруда маңызы жоғары дейді қатысушылар.


Хабарламаларға жазылу