Болашақ тіл мамандары жазушы Төлен Әбдікпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болашақ тіл мамандары жазушы Төлен Әбдікпен кездесті

16.03.2017

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болашақ тіл мамандары белгілі жазушы Төлен Әбдікпен кездесті. Шара студенттердің сұрауы бойынша ұйымдастырылған. Онда қоғам қайраткері жазушылық өнердің қыр-сырымен бөлісіп, жеке шығармаларының тарихын түсіндірді.

Сондай-ақ, отандық және шетелдік ақын-жазушылардың шеберлігіне баға беріп, өмірлік тәжірибелерінен сыр шертті. Білім алушылар өнер иесінің тұшымды әңгімесін тыңдап, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

Назым ҚАЙРАТ

 

Хабарламаларға жазылу