Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейіне 10 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейіне 10 жыл толды

14.08.2014
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейіне 10 жыл  толды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі 2014 жылдың 25 тамызында 10 жылдық мерейтойына арналған кешенді іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметі.

Жоспар бойынша, 25 тамыз күні музейдің 10 жылдығына арналған кешенді шаралар «Қазіргі қоғамдағы музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен басталады. Содан кейін, «Серіктестер шоқжұлдызы» форумымен жалғасады.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар барысында қонақтар күмбезді залда орналасқан «Бізге 10 жыл» фотокөрмесі материалдарымен танысып, үлкен банкет залында белгілі мүсінші Н.Қалиевтың «Ағаш құдіреті» көрмесін тамашалай алады.

Ал, Қазақстандағы мұражай ісінің өзекті мәселелеріне арналған шеберлік-сынып жұмысы «Мұражай педагогикасы» тақырыбында белгілі мұражайтанушы-мамандардың қатысуымен өтеді.

Хабарламаларға жазылу