Ақтөбеде техникалық мамандар әзірлейтін ЖОО ашылады
Президент тапсырмасымен 2025 жылға дейін Қазақстанда әлемдік беделді бес университеттің филиалы ашылуы тіис. Екі білім ордасы еліміздің батыс аймақтарынан бой көтереді.
Мұндай жоғарғы оқу орнын ашуға Ақтөбе жұртшылығы да мүдделі. Себебі өңірде қалыптасқан профессорлық-оқытушылық құрам жасақталған. Техникалық-базалық мүмкіндік те жетеді. Өңірде 6 жоғарғы оқу орны жұмыс істеп тұр. Қазір студенттерге арналған екі жатақхананың құрылысы жүріп жатыр. Жыл сайын жергілікті бюджеттен жоғарғы оқу орындарына 100 грант беріледі. Бұған дейін педагогикалық мамандықтарға көңіл бөлінетін. Облыстық білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін енді техникалық мамандықтарға да басымдық беріледі.
Нұргүл Бертілеуова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
Облыста техникалық және кәсіптік білім беретін 42 оқу орны бар. Осы ұйымдарда биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына орай 20 жаңа мамандық ашу жоспарлап отырмыз. Оның 10-ы – қазіргі таңда сұраныстағы техникалық бағыттағы мамандықтар. Қазіргі таңда оқу орындары лицензия алу шараларын жасауда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық марафонның қазір бесінші сағаты өтіп жатыр
23.08.2026, 13:17
Сайлау учаскелерінде Exit Рoll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр
23.08.2026, 13:10
Сайлаушылар белсенділігі жоғары
23.08.2026, 13:02
Жыл басынан халық саны 90 мыңға өсті
23.08.2026, 13:02
Дауыс берушілер саны қанша?
23.08.2026, 13:01
Ауыл тұрғындары сайлауға белсенді түрде қатысты
23.08.2026, 12:56
Президент Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
23.08.2026, 12:54
Мұнайшылар өңірінде де сайлаушылар дауыс беруге ынталы
23.08.2026, 12:12