Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Ұлытау ауданының полицейлері 68 жаңа көлікпен қамтамасыз етілді. Бұған қоса Жезқазған қаласында «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы іске қосылды. Мысты шаһардағы көшелердің біріне бейнекамералар орнатылып, жедел басқару орталығы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, осы үш қала мен Ұлытау ауданындағы учаскелік пунктер мен полиция бөлімдеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, радиобайланыс құралдары, планшеттер, өзге де керек жабдықтар алынған.
Айдос Тұңғышбаев, Жезқазған қаласы патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары:
Қызметімізді жақсы атқаруға үлкен үлесін қосуда. Мысалы планшеттер мен құжаттарды толтыру бар болғаны 2-3 минут қана уақытты алады. Жаңа автокөліктер берілуде. Ол көліктердің арқасында жол жүру ережесін және әкімшілік-құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарының көрсеткіштерін арттырамыз деген сенімдеміз.
Руслан Нұрланұлы