Қызылорда облысының тәртіп сақшыларына 100-ге жуық қызметтік көлік табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының тәртіп сақшыларына 100-ге жуық қызметтік көлік табысталды

10.06.2022

Қызылорда облысының тәртіп сақшыларына 100-ге жуық қызметтік көлік табысталды. Мұндай тарту полицияның құрылғанына 30 жыл толуына орай жасалды. Бүгінде ішкі істер органдарындағы көліктердің дені ескірген. Қаңтар оқиғасындағы дүрбелеңде 34 қызметтік машина жарамсыз болып қалды. Енді міне, полицейлердің автопаркі 92 су жаңа автокөлікпен толықты. Оның 60 данасы облыстық бюджеттен, қалғаны ұлттық қор есебінен алынған. Басым бөлігі елдімекендер мен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде қызмет ететін инспекторларға берілді.

Бағлан Базарбаев, Алмалы ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы:
Бұрын өзімде ескі қызметтік автокөлік болған. Қазіргі таңда су жаңа қызметтік автокөлік берілді. Алдағы уақытта халықтың сенімін артып, жақсы қызмет атқаруға сенім білдіремін.


Хабарламаларға жазылу