Сауда орындары азық-түлік бағасын негізсіз өсірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауда орындары азық-түлік бағасын негізсіз өсірген

27.09.2021

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз өсіргендер жауапкершілікке тартылады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тауарды заңсыз қымбаттатқан сауда орындарына 68 хабарлама жіберген. Бұл жағдай Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облысында тіркелген. Тауар құнын шекті сомасынан асыра белгілеген саудагерлерді жауапкершілікке тарту жөнінде өңір басшыларына тапсырма берілді. Жалпы биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 9,7%-ке қымбаттады.


Хабарламаларға жазылу