Полицейлерге 143 қызметтік көлік берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейлерге 143 қызметтік көлік берілді

14.09.2017

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті жергілікті полиция  қызметкерлеріне  су жаңа 143 автокөлік берілді. Қызметтік көлікке ие болғандардың дені жол-патрульдік полкының аудан-ауылдардағы құрамдары. Автокөліктерді сатып алуға облыс қазынасынан 2,5 млрд. теңге жұмсалды. Олар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар.

Жылдамдықты дәл анықтауға және  көлік пен жүргізушіге қатысты мәліметтерді дер кезінде  біліп отыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу