Қытаймен кедендік алшақтық 5,7 млрд долларды құрады
Қазақстан мен Қытай арасында кедендік төлемдер бойынша алшақтық өткен жылы 5,7 млрд долларды құраған. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі мәлімдеді. Мұның басты себебі – қазақстандық импорт дұрыс декларациядан өтпейді. Тауар құны құжаттарда арзандатылып көрсетіледі. Сонымен қатар біздің ел арқылы өтетін қытайлық транзиттің бір бөлігі аспан асты елінде экспорт ретінде тіркеледі. Тағы бір себеп - екі елде есеп жүргізудің әдістемелері әртүрлі. Дегенмен, алшақтық соңғы 4 жылда 20 процентке қысқарған. Үкімет басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі ширата түсуді тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Қаржы министрлігі 5 мыңнан астам тауар позициясының құндық индикаторларын қайта қарады. Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Сонымен қатар, Қаржы министрлігі «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, тасымалданатын тауарлар бойынша Қытай тарапымен ақпарат алмасу мәселелерін пысықтау қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесінің міндеті қандай?
27.09.2026, 20:10
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53