Ақтөбеде өткен жылдың соңында ғана ашылған перинаталдық орталық көршілес жатқан Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстары тұрғындарына да сапалы қызмет көрсетуге даяр. Медицина мекемесінің жұмысымен танысқан Мәжіліс депутаттары әлеуметтік қорғау мәселелерін, ана мен сәби өлімінің алдын алу жолдарын талқылады. Бұл мекеме 190 орындық. Толығымен заманауи жабдықтармен қамтылған. 500ге тарта медицина қызметкері еңбек етеді. Мұнда күніне 25-30 нәресте дүниеге келеді.
Гүлшат Темірбаева, перинаталдық орталықтың директоры:
Жылына 7 000 босану болады. Сондықтан осы орталықтың ашылуымен қазір босану да көбейіп жатыр. Аман-сау балаларын көтеріп әр ана құшағына нәрестесін көтеріп кеткеніне біз жұмыстарымыздың бәрін атқарып жатырмыз.
Ал, Шығыс Қазақстан облысындағы елдімекендерді ауыз сумен қамту үшін былтыр республикалық бюджеттен бір жарым миллиард теңге бөлінген. Бірақ, оған қарамастан аймақтағы тұрғындардың 70 пайызы ғана таза су ішіп отыр. Өңірге барған халық қалаулылары осы салаға жауапты мамандардың пікірлерін тыңдады. Ауыз судан өзге, жайылымының тапшылығы , ауылға барған жас мамандарды баспанамен қамту, шағын кәсіпкерлікті қолдау секілді мәселелер тұрғындарды алаңдатып отыр.
Әмірхан Рахымжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Кеше сол Ұлан ауданында жеке қабылдауда бірнеше көкейтесті мәселе көтердік. Ертең Үкіметтің алдына Нұр Сұлтан қаласына барғанда осыны көтереміз.
Жақсыбек Кемал