Басты Жаңалықтар Елордада депутаттар сауда нысанында болып, кәсіпкердің шағымына құлақ асты

Елордада депутаттар сауда нысанында болып, кәсіпкердің шағымына құлақ асты

Мәжілістегі Нұр Отан фракциясының өкілдері елордадағы ірі сауда нысанын аралап, саудагерлермен кездесті. Шағым- ұсыныстарын тыңдап пікірлерімен бөлісті. КСМ Көтерме сауда орнынан қаладағы шағын дүкендерге жеміс пен көкөніс жеткізіледі. Мұнда жұмыс істеп табыс тауып отырған кәсіпкерлердің жағдайына қаныққан фракция мүшелері сауда нысанында шешілмей жатқан мәселе көптігіне қанықты. Сауда павильондары ескірген. Орталықтандырылған су, кәріз жүйесі тартылмаған

Мұратбек Ахматов, «Шарын» базарының бас директоры:

Бірінші проблема - ол коммуникация. Бізге әлі коммуникация келген жоқ. Су, канализация келген жоқ. Соны күтіп тұрмыз. 

Жыл аяғына дейін сауда нысаны толық жаңартылуы тиіс. Ғимарат салу, алты мың шаршы метр алаңда жаңа сауда нүктелерін ашу жоспарда тұр. Су жүйесі мен кәріз құбыры сол кезде тартылады. Бірақ жағдай реттелген соң сауда орнын жалға алу құны шарықтап кетпей ме деген алаңдаушылық бар. Басшылықтың айтуынша, баға екі жыл қатарынан көтерілмеген. Тауарлар құнын реттеу жағынан олқылықтар бар. Жеткізушілер жанармай бағасы мен жол сапасына тәуелді болып тұр. Саудагерлер болса, күнделікті көріп жүрген нәпақалары осы базардан ғана түсетінін айтты.

Бәрі жақсы кеп жатыр. Жолдарды ғана қиналып жатыр да.

Бізге Ташкенттен келеді ғой тауар. Бағасын айтады ғой, біз кейін алдын ала біліп кейін салдырамыз.

Елдос Абақанов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Біршама жақсы ақпарат алдық. Бұл ақпаратты әрі қарай зерттеу керек, зерделеу керек. Әкімшілкпен кездесеміз, минситтрлік өкілдерімен кездесеміз. Одан кейін егер нақты, заң аясында, құжаттар аясында проблема болса, ол проблеманы шешуге біз өзіміз тарапымыздан тырысамыз.

Ламбриан Топузов

Бөлісу