«Аstana Ballet» тұңғыш рет қойылым қояды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аstana Ballet» тұңғыш рет қойылым қояды

25.06.2014
«Аstana Ballet» тұңғыш рет қойылым қояды
«Аstana Ballet» хореографиялық би ұжымы тұңғыш рет «Әлем» атты бір актілі, бірегей балет қояды.
 
Астана күні қарсаңында өтетін шараға қазір бишілер қызу дайындалып жатыр.
 
Қойылымның балетмейстері - ресейлік Никита Дмитриевский. Балет-спектакльде жанның өмірге келуі, оның аспаннан жер бетіне түскеннен кейінгі өмір сүру жолы әсерлі суреттеледі.
 
Әлем - бар болғаны өзін-өзі танытып үлгермеген болмыс, сырт келбетін қалыптастыруға тырысатын қуат көзі. Қойылым соңында ол сыннан сүрінбей өтіп, сұлулық атаулысы - әлем атанады.    
 
Риза Қанатқызы, «Аstana Ballet» хореографиялық би ұжымының әртісі: 
Біз бұрын халық биін, классикалық би биледік. Спектакль өте қиын. Дайындық жүріп жатыр.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
 

Хабарламаларға жазылу