Мемлекет басшысы бір актілі «Туманы времени» және «Ғашықтың тілі» атты балет премьераларын тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы бір актілі «Туманы времени» және «Ғашықтың тілі» атты балет премьераларын тамашалады

02.07.2016
 Мемлекет басшысы бір актілі «Туманы времени» және «Ғашықтың тілі» атты балет премьераларын тамашалады

«Astana Ballet» театры ұжымы ұсынған жаңа қойылымдардың премьералық көрсетілімі Астана күніне арналған іс-шаралар аясында өтті.

«Ғашықтың тілі» - Абай Құнанбаев поэзиясына арналған алғашқы балет. Қойылым ақынның «Япырай», «Жыл мезгілдері», «Татьянаның хаты», «Ақ сиса», «Көзімнің қарасы», «Ажардың сөзі», Желсіз түнде...» шығармаларын қамтиды.

Қазіргі заманғы қытай хореографы Ишянг Жангтың бір актілі «Туманы времени» балеті композиторлар М.Рихтердің, Доувэйдің және Д.Касиваның музыкасымен әрленген.

Хабарламаларға жазылу