«Еркіндік керуені» Брюссельге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еркіндік керуені» Брюссельге жетті

15.02.2022

«Еркіндік керуені» деген атқа ие болған көлік жүргізушілері қозғалысының ереуілі Еуропада қарқын алды. Канадада жүк көлігінің жүргізушілері бастаған карантиндік шектеулерге қарсы шеру өткен аптада Париж бен Гаага қалаларында өтті. Енді Бельгияда жалғасты. Франция, Нидерланд, Бельгия азаматтары Еуропалық Одаққа наразылықтарын білдіру үшін мыңға жуық жеңіл көлікпен Брюссельге ағылды. Алайда полиция қызметкерлері шерушілердің қалаға көлікпен кіруіне жол бермеді. Мыңдаған адам темір тұлпарын шаһардың сыртындағы автотұраққа қойып, қаланың орталығына жаяу жетуге мәжбүр болды. 

Жоэль Бурбон, Франция азаматы:

Бізге бұрынғыдай еркіндік керек. Шектеулерді, екпені міндеттеуді тоқтатуды талап етуге келдік. Біз ештеңені қиратып жатқан жоқпыз. Бұзақы емеспіз, адал жандармыз. Биліктегілер бізге еркіндік беріп, жайымызға қалдырғанын қалаймыз.

Хабарламаларға жазылу