«Шахмат керуені» Қарағандыға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шахмат керуені» Қарағандыға жетті

21.09.2023

Еліміздің солтүстік аймағынан шыққан «Шахмат керуені» Қарағандыға жетті. Республиакалық жоба өңірлердегі шахматтың дамуына өз үлесін қоспақ. Керуеннің келуі аясында, Қазақстан шахмат федерациясының Қарағанды облыстық филиалы ашылды. Шара барысында 20 қатысушы гроссмейстермен бір реттік ойын өткізіп және жылдам шахмат турниріне қатысты. Жеңімпаздар Түркістанда өтетін гранд-финалға жолдама алады. Бұл керуен аралап шыққан Көкшетау, Петропавл, Қостанайдан кейінгі төртінші қала. Үкімет шахмат ойынын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіткен болатын. Соның негізінде бастауыш сынып оқушыларының 20 пайызын қамту міндеті тұр. Қазір елімізде 7 мың шахмат үйірмесі жұмыс істейді. Оларға 253 мың адам тұрақты келіп дайындалады.

Марат Есенов-Қазақстан Шахмат федерациясының вице-президенті:

Халық арасында шахматты насихаттау, өзіміздің жетістіктерімізбен бөлісу үшін аралаудамыз. Бұл барлық облыстарда өтеді. Шахматқа қатысқан балалар физика, математика пәндерінен 20 пайызға жоғары көрсеткіш көрсетуде. Сондықтан бұл өте пайдалы ойын деп ойлаймын балаларға.


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу