Бензинге акциз қымбаттайды
Жанармайға акциз бағасын қымбаттатуға қатысты жаңа дерек. Энергетика министрлігінің хабарлауынша қазір қаулы жобасы дайын. Және ол ашық талқылауға шығарылған. Оған сай министрлік бензинге акцизді 14 теңгеге көтеруді жоспарлап отыр. Яғни өндірушілер жанармай литрі үшін мемлекетке 24 емес, 38 теңге төлеуі мүмкін.Бұл тауар бағасының көтерілуіне де әсер ететіні белгілі. Бірақ жауапты министрлік бұл жолы жанармай құнының өсуіне жол бермейміз деп отыр. Ол үшін нарықтан делдалдарды алып тастау көзделген. Яғни жанармайды зауыттардан тікелей құю бекеттеріне жеткізу қолға алынбақ. Бұл қымбатшылыққа жол бермейді дейді министрлік өкілдері.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18