Зейнет жасына жақындағандарды жұмыспен қамту жобасы іске асырылады
Елімізде зейнет жасына жақындағандарды жұмыспен қамту жобасы іске асырылмақ. «Күміс жоба» деп аталатын бағдарлама арқылы жыл сайын 5 мың адамға қолдау көрсетіледі. Өйткені зейнет жасына таяған азаматтарға жұмыс табу оңай емес. Сондықтан оларға мемлекет көмектесіп, әрі жалақысының тең жартысын 1 жыл өтейді. Ал, кәсіпорындарға қойылатын талап – қосымша жұмыс орнын ашып, жасы үлкендерді қабылдау керек. Аталған санаттағы азаматтардың саны қазір 1 млнға жуықтайды. Қатарында бос жүргендер мен жалданып еңбек ететіндер бар. Енді қолдауға ие болуы үшін жұмыспен қамтудың арнайы порталына тіркелуі керек.
Руслан Тілеубаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің басшысы:
Екінші шарт субсидияның мөлшері 30 АЕК-тен көп болмауы тиіс. Егер жұмыс беруші жаңа қызметкерге 200 мың теңге жалақы берсе мұның 90 мың теңге астамы бюджет есебінен субсидияланады. Және одан кейінгі шарты 12 жалақысының субсидияланатын мерзімі өткеннен кейін жұмыс беруші осы азаматты өзінің мекемесіне тұрақты жұмысқа алуға міндетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18