Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы: Несиені 7 млн теңгеге дейін беру бастамасы талқыланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы: Несиені 7 млн теңгеге дейін беру бастамасы талқыланып жатыр

11.02.2022

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 150 млрд теңге бөлу қарастылып отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, несие бағдарламасының әзірге екі нұсқасы ұсынылған.

Біріншісі, жеңілдікпен берілетін несиеге 4 жылға 150 млрд теңге бөлу ұсынысы. Оның 30 млрд теңгесі алғашқы жылы берілуі мүмкін. Мамандар несие беру шарттарын 2015 жылғы ескі бағдарламамен бірдей етіп қалдыруды ұсынып отыр. Ал екінші нұсқа – халықтың әлеуметтік осал топтарына бастапқы жарнасыз несие беру. Оған «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» операторының утиль алым арқылы тапқан ақшасынан 100 млрд теңге алынуы мүмкін.

Несиені 7 млн теңгеге дейін беру бастамасы талқыланып жатыр. Ұсыныстар экономикалық тиімділігі мен мақсатына байланысты айқындалады.

Хабарламаларға жазылу