«Самұрық-Қазынаға» еншілес серіктестіктің тиімділігі төмен - Депутат
«Самұрық-Қазына» қорына еншілес біріккен химиялық компанияның тиімділігі төмен деңгейде. Осылай деген депутаттар химия өнеркәсібіне терең, сапалы талдау жасап, нақты бағытты анықтауды ұсынды. Мәселен, 2009 жылы құрылған «Біріккен химиялық компания» серіктестігі. Оның негізгі мақсаты –елде жаңа химия өндірісінің дамуына жәрдемдесу. Оған 349 млрд теңге бағытталған. Оның 256 млрд теңгесі ұлттық қор есебінен. Депутат Әлімжан Құртаевтың сөзінше, осы серіктестік қызметінің барлық кезеңінде жоспарланған 21 жобаның тек 6 жобасы ғана іске асқан. Оның өзі толық көлемде жұмыс істемейді дейді.
Әлімжан Құртаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Олардың екі жобасы бүгінгі күні шығынды болып табылады. Бір жоба толық қуатынды жұмыс істемейді. Бағдарламаларды іске асыру осы сектордағы жағдайдың жақсаруына елеулі әсер еткен жоқ және оң нәтижелерге әкелген жоқ. Компания қызметінің тиімділігі белгілі бір күмән туғызады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18