Қытайда жекеменшік компания жасаған зымыран ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда жекеменшік компания жасаған зымыран ұшырылды

18.05.2018

Қытайда алғаш рет жекеменшік компания жасаған зымыран ұшырылды. Ол «БірҒарыш» деп аталады. Мұны елдің Орталық телеарнасы хабарлап отыр.

Ракетаны коммерциялық кәсіпорын толықтай өзі құрастырған. Ол елдің солтүстік-батысындағы алаңнан көкке самғады.

«БірҒарыш» 2015 жылы құрылды. Оны кейде Илон Масктің «SpaceX» компаниясымен салыстырады.

Дегенмен, Гонконг ғылым және технология университетінің зерттеушісі Синь Чжанның ойынша, қытайлық фирма бұл зымыранды небәрі 78 миллион долларға үш жылда өз жасап шығарды дегенге сену қиын. «Миллиардтаған долларлық сала мұндай процеске кемінде 10 жыл жұмсар еді», - дейді   профессор Чжан.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу