Павлодарда ІТ форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда ІТ форум өтті

16.08.2019

«Заманауи ақпараттық технология және бизнес» атты шараға еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев арнайы барды. Көпшілікке алдымен қазақстандық өнертапқыштардың ІТ саласындағы дайын жобалары ұсынылды. Олардың дені білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс және коммуналдық шаруашылық салаларына арналған.

Ал форум барысында мамандар өзара тәжірибе алмасты, корпоративті сектордағы сандық шешімдер жайлы пікір бөлісті. Қатысушылар дәл осындай шаралар ІТ жобаларды дамытуға серпін беріп, бизнес пен мемлекеттік сектор арасындағы ықпалдастықты нығайтатынын айтты.

Серік Шәріпов, инженерлік сараптама қызметінің маманы:

Тұрғындар қазір көбінесе жүрек және қан қысымы ауруларына жиі шалдығады. Біз жақында дәрігерлерге көмекші құрал ретінде диагностикалық білезік жасаған болатынбыз. Бүгінгі жиында соны көпшілікке ұсындық. Әлі де жетілдіретін тұстары бар екен. Бұны осы форумға келген еліміздегі жетекші мамандар түсіндіріп берді. Мұндай шара жиі өткізіліп тұрса, үнемі қатысып отырар едік.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу