Жаңаарқа аумағына зымыран бөлшегі құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаарқа аумағына зымыран бөлшегі құлады

28.10.2022

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының аумағына зымыран қалдығы құлады. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін шұғыл комиссия құрылды.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

Зымыран қалдығы Жаңаарқа ауданының Орынбай елді мекені тұсына құлаған. Ауыл тұрғындары зымыран бөлшегін ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Ал, ресми ақпаратқа келсек, бұл «Роскосмоссқа» тиесілі «Прогресс МС-21» жүк тасымалдағыш зымыранының екі бөлшегі болып шықты. Бұл жайт туралы "Роскосмосс" тарапы алдын-ала білген және зымыран қалдығынан маңайға еш зиян болмайды деген мәлімдеме жасаған. Ракета ұшар алдында екі сағат бұрын тұрғындар эвакуацияланған. Ғарыш кемесінің қалдығы түскен аумаққа күзет қойылған. Ол маңға ешкім жіберілмейді.

Қанат Балтабаев, Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы:

Қазір «Роскосмос» мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Олар зымыран отыны гептил емес керосин екенін алға тартып отыр. Сондықтан қоршаған ортаға, адамдарға еш қауіп жоқ.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

Зымыран қалдықтары қазір елдімекен маңынан тазартылған. Арнайы құрылған комиссия кейін толық ақпарат таратпақ.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу