«Жұлдызай» фестивалінің гала-концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жұлдызай» фестивалінің гала-концерті өтеді

30.05.2014
«Жұлдызай» фестивалінің гала-концерті өтеді
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Жұлдызай» балалар шығармашылығының республикалық фестивалінің гала концерті өтеді. Бұл күні би, вокал, ыммен ән айту, бейнелеу өнері, аспаптарда ойнау, шахмат сынды номинациялар бойынша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған мүмкіндігі шектеулі балалар салтанатты түрде марапатталмақ.
 
Айта кетейік, «Жұлдызай» қайырымдылық қоры балалар шығармашылығының республикалық фестивалін жыл сайын өткізіп келеді.
 
Шараның ерекшелігі - мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталғандығында.
 
Басталуы: сағат 19:00.
 

Хабарламаларға жазылу