АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 900 мыңға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 900 мыңға жетті

08.02.2022

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 900 мыңға жетті. Вашингтондағы Ұлттық кафедралдық соборда құрбандарды еске алу рәсімі өтіп, қоңырау соғылды. Бір минуттық үнсіздік сақталып, шырақ жағылды. Құрама Штаттарда бұндай рәсімдер ковидтен қаза тапқандар саны 100 мың адамға көбейген сайын ұйымдастырылады. Айта кетсек, АҚШ - пандемиядан ең қатты зардап шеккен елдердің бірі. Індет басталғалы бұл елде 77 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу