Францияның Марсель қаласында науқастардың көптігінен ауруханаларда орын жоқ
Францияның Марсель қаласы коронавирус эпидемиясының жаңа ошағына айналды. Науқастардың көптігінен ауруханаларда, әсіресе жан сақтау бөлімдерінде орын тапшы. Жағдайдың ушығуы Парижден бөлек, Лион және Бордо қалаларында да байқалып отыр. Жалпы, елде инфекция өткен тәулікте 4200-дей адамнан анықталып, барлық науқас саны 496 мыңнан асты.
Ал АҚШ-та Сovid құрбандарының саны 200 мыңға жуықтап қалды. Бұл – әлем бойынша жұқпалы дерттен қайтыс болғандардың 20 пайызы. Елде университеттер ашыла бастаған соң студенттер арасында індетке шалдығу жиілеген. Сондықтан оқу қайтадан онлайн режимге ауыстырылып жатыр. Айта кетсек, Құрама Штаттар 6 миллион 850 мыңнан астам науқаспен әлем бойынша көш бастап тұр.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
17.06.2026, 20:12
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
17.06.2026, 20:10