Түркия мен Ямайкада коронавирус тіркелді

11.03.2020
Түркия мен Ямайкада коронавирус тіркелді

Түркия мен Ямайкада коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы екі елдің жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. 

Ямайка азаматы 4 наурызда Ұлыбританиядан келген. 9 наурызда дәрігерлер көмегіне жүгінген. Сол сияқты Түркия азаматы да таяуда Еуропадан саяхаттан оралған. Қазіргі уақытта науқастар карантинге жатқызылды.

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 117747-ге жетті. 4292 адам көз жұмған. 65893 науқас емделіп, ауруханадан шығарылған.

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың 76 пайызы дертінен айыққан. Қазіргі уақытта 16 мыңға жуық науқас ауруханаларда жатыр. 4492-і ауыр халде. Ал індет жұқтырғандардың жалпы саны - 80778 адам. 

АҚШ-та дертке шалдыққандар саны мыңнан асты. Індет 37 штаттан анықталған. New York Times газетінің хабарлауынша, 31 адам қайтыс болған. Ал ауруды бақылау орталықтарының ресми мәліметінде коронавирус жұқтырғандардың саны 700 деп көрсетілген.

ria.ru


Хабарламаларға жазылу