АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны Қытайдан асып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны Қытайдан асып түсті

27.03.2020
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны Қытайдан асып түсті

АҚШ коронавирус жұқтырған адамдардың саны бойынша Қытайдан озды. Қазір онда 85 505 адам дертке шалдыққан. Коронавирустан қайтыс болғандар саны да өсіп, 1288-ге жетті.

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, елдің коронавирус жұқтыру дерегі бойынша бірінші орынға шығуы адамдарға жаппай тестілеудің өткізілуімен байланысты. Нью-Йоркте 30 мыңнан астам адамға індет жұқтырды деген диагноз қойылды. Ал коронавирус жұқтыру оқиғалары АҚШ-тың 50 штатында тіркелген.

АҚШ Сенаты ел экономикасын қолдау үшін 2 триллион доллар бөлу туралы заң жобасын қабылдаған еді. Яғни, АҚШ-тың әрбір ересек тұрғынына 1200 доллар көлемінде біржолғы көмек беріледі деп болжануда. Сондай-ақ шағын компанияларға жалақы төлеуді қамтамасыз ету үшін қаржылық демеу көрсетіледі. АҚШ-та коронавирустың кесірінен жұмыссыздар саны рекордты 3,3 миллионға жетті.

bbc.com


Хабарламаларға жазылу