Коронавирус құрбандарының саны 3174-ке жетті

04.03.2020
Коронавирус құрбандарының саны 3174-ке жетті

Әлем бойынша коронавирус құрбандарының саны 3174-ке жетті. 92,5 мың адам дертке шалдыққан. 50,6 мың науқас індеттен айыққан.

Қытайда 80 270 адам коронавирус жұқтырды. Оның 2981-і қайтыс болған. 50 мыңға жуық адам емделіп, ауруханадан шығарылған. Қазір науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 36,4 мың адам дәрігерлер бақылауында. 

Өткен тәулікте Оңтүстік Кореяда 516 адамға коронавирус жұқтырды деген диагноз қойылды. Осылайша дерке шалдыққандардың жалпы саны 5328-ге жетті. 32 адам індеттен көз жұмды.

Ал Жапонияда қауіпті вирусты жұқтырғандар саны мыңға жетті. 12 адам қайтыс болған. 59 адам ауыр халде жатыр. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, коронавируспен күресу үшін айына 89 миллион медициналық бетперде керек. Сондай-ақ 76 млн медициналық қолғап пен 1,6 млн жұп қорғаныс көзілдірігі сұраныста. 

ria.ru

Хабарламаларға жазылу