Рекорд: Былтыр баспаналы болу үшін 601 мыңнан аса тұрғын депозит ашқан
Былтыр тұрғандар үй алу үшін депозитке 61 млрд 700 млн теңге аударған. Күні кеше 1 млн 700 мыңнан аса азаматтың «Отбасы» банктегі шотына мемлекеттік сыйақы түсті. 116 мың теңгеден аса ақша 382 мың тұрғынға аударылды. Бұл - мемлекеттік сыйақының ең жоғары мөлшері. Бұл азаматтар былтыр есепшотына кемі 583 мың теңге жинаған. Былтыр 601 мыңнан аса тұрғын баспаналы болу үшін депозит ашқан. Мамандар мұны рекордтық көрсеткіш деп отыр. 34 мың адам зейнетақы қорындағы артық ақшасын осы депозитке аударып үлгерген. Қазір онда 55 млрд теңге жатыр.
«Отбасы банк» өкілдерінің сөзінше, салымшы депозитте 3 жылдан аз уақыт ақша жинап, оның шартын мерзімінен бұрын бұзған жағдайда мемлекеттік сыйақы бюджетке қайтарылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18