Конькимен жүгіру: Екатерина Айдова мен Надежда Морозова жүлдеге ілікпеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конькимен жүгіру: Екатерина Айдова мен Надежда Морозова жүлдеге ілікпеді

07.02.2022
Конькимен жүгіру: Екатерина Айдова мен Надежда Морозова жүлдеге ілікпеді

Конькимен жүгіруден ел намысын қорғаған Екатерина Айдова мен Надежда Морозова 1500 м қашықтықта жарыс жолына шықты.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Евгения Лаленковамен бір жұпта өнер көрсеткен Екатерина Айдова 1:59:01 нәтижемен 18-орын алды. Ал Надежда Морозова 1:56:85 нәтижесімен 14-орын алды.

Олимпиада чемпионы - нидерландтық Ирен Вуст. Ол Олимпиада рекордын жаңартты. Күміс жүлдені жапондық Михо Такаги, ал қола жүлде  нидерланд спортшысы Антониетт Де Йонг еншіледі.

Енді Екатерина Айдова 12 ақпан күні 500 м қашықтықта жарыс жолына шығады. 15 ақпан күні екі спортшы да 1000 метрге қашықтықта өнер көрсетеді.

Конькимен жүгіру. Екатерина Айдова (Финал. 1500 м)

Конькимен жүгіру. Надежда Морозова (Финал. 1500 м)

Beijing-2022. Конькимен жүгіру (Финал. 1500 м. Әйелдер)



Хабарламаларға жазылу